Басты жаңалықтар
Оқушыларға тышқанды бауыздатып, ішкі құрылысымен зертханалық жұмыс жасатқан мұғалім жұмыстан шықты
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2023
- 419

Алматы қаласында тышқанды бауыздап, оның ішкі құрылысымен оқушыларға зертханалық жұмыс жасатқан биология пәнінің мұғалімі жұмыстан кетті, деп хабарлайды KYN.KZ.
Полиция қызметкерлері аталған жағдай бойынша іс қозғап, «жануарға қатыгездік жасау» бабына сәйкес қылмыстық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қалалық білім басқармасы өкілдері болған жайттан соң жекеменшік мектептің ұжымына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Интернетте жарияланған бейнежазбада мұғалімнің тапсырмасын қызықтаған оқушылар әулі тірі тышқанды басынан ұрып өлтіреді. Скалпель ұстаған ұл-қыздар оның терісін сыпырып, ішкі құрылысын ашады.
Білім басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, жеке меншік мектепте биология пәнінің мұғалімі «анатомия және физиология» бөлімін қорытындылау үшін тірі жануарды әкеліп, оның ішкі құрылысын оқушыларға көрсетуді құп көрген. Алайда тәжірибелік сабағының артына шу шыққан ол өз еркімен жұмыстан кетті.
«Мәнжайды анықтау үшін Алматы қаласындағы №125 Алматы ЖШС қарасты жекменшік мектебіне барды. Мұғалімдеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған оқиға қайталанбайтындай және мектеп әкімшілігіне тәрбие жұмысын күшейту және оқушылардың бойында қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, жануарларға қатыгездіктің алдын алу бойынша тәрбие жұмысына ұсыныстар берілді», - дейді Алматы білім басқармасы, жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Гүлназ Жотабаева.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025