Басты жаңалықтар

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы депутаттыққа үміткер Даулет Мұқаевқа шүйлікті

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына түсіп жатқан блогер Дәулет Мұқаевты әлеуметтік желіде сынап, елге берген уәдесінде тұра алмағандығын бетіне басты, деп хабарлайды KYN.KZ. «Көрдіңіздер ме, күні кеше ғана былай сөйлеп, билікке бармаймын деген!? Кім оның тілінен тартты?! Мен бе? Әлде милары уланған хотундар ма?! Өз сөзіне жауап бере алмайтын болса, көп мылжыңдамау керек еді! Еркектің көп сөйлегенін ұнатпаймын өз басым! Бұл көреалмаушылық емес, дұрыс түсініңіздер! Мен тапсырыспен жұмыс жасамаймын! Маған керегі жоқ! Ертеңгі күні билікке барып жатсам, алдымнан шығады ол ісім. Басқасына заказ түссе де, дәл бұған түспейді. Билікке бұл қызық тұлға емес! Кейбір ақылсыз әйелдерге қызық болар?», - дейді журналист. Естеріңізге сала кетейік, блогер Дәулет Мұқаев өзінің депутаттыққа үміткер екенін айтып, қай аудандардың оған дауыс бере алатынын да әлеуметтік желіде жариялады.