Басты жаңалықтар

Ғасыр жасаған ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым, профессор Төрегелді Шарманов әлеуметтік желіде ұзақ өмір сүрудың құпиясын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Тек табиғи өнімді ұсынатын ғалымның айтуынша, ананың ақ сүті – ұзақ жасаудың басты кепілі. «Ұзақ өмір сүру пендеге Құдайдан берілетін тылсым дүние ғой. Ал денсаулықты күту – өмір сапасын жақсартудың кепілі. Мен анамды алты жасыма дейін емген адаммын. Балалармен ойнап жүріп, шешемді көріп қалсам, омырауына жабыса кететінмін. Бірге ойнаған достарым бұл үшін мені әжуалағанда «сендерге көрсетемін» деп жұдырығымды түйсем жым болатын. Анамның ақ сүтінің арқасында шымыр әрі күшті болып өстім. Әр нәрсені қалыптап берген халқымыз «уызға жарымаған» деген сөзді тегін айтпаса керек. Баланы емшектен ерте шығармай, мейірі қанғанша емізу денсаулығының мықты болуына зор ықпал ететінін түсінуіміз керек», - дейді профессор.