Басты жаңалықтар
Ақтауда оқушыларды ұрып-соққан мұғалім сөгіс алды (видео)
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2023
- 513
Ақтаудың 14-ықшамауданында орналасқан №1 орта мектепте мұғалім сабақ барысында оқушыларға зекіп, ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Мектеп ата-аналарының айтуынша, оқиға кеше 20 ақпан күні №1 мектепте математика сабағында болған. Ата-аналар мектеп директорына жүгінгеннен кейін сабақты басқа мұғалім өткізетін болған.
«Бұрын балалар мұғалімнің қатал екенін айтатын, бірақ біз бұған аса мән бермейтін едік. Видеоны көргеннен кейін оны көпшілікке жариялауды ұйғардық. Балалармен осылайша сөйлесуге бола ма? Бұл жаға ұстатарлық әрекет. Бұл мұғалім мектептегі жұмысын әлі жалғастыруда. Тіпті директордың өтініші бойынша ата-аналардан мардымсыз ғана кешірім сұраған. Ол өзінің қолайсыз мінез-құлқы үшін кінәсін мойындамайды. Мұндай жағдайлар мектептің басқа сыныптарында да болған», – дейді олар.
Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық білім басқармасында мәлімдеме жасады.
«Мұғалім кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрады. Оған сөгіс жарияланды», – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.
Сонымен қатар ведомство №1 орта мектепте болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлады. Аталған мұғалім 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған.
«Бұл мәселе бойынша жиналыс өтіп, ұстаз өз кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 2-тармағына сәйкес, мұғалімге сөгіс, бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына ескерту жасалды», – деп хабарланды ведомствода.
https://youtube.com/shorts/Rt-O-geDhKE?feature=share
Келесі мақала