Басты жаңалықтар

Шымкентте үйден екі әйелдің мәйіті табылды

Шымкенттегі Ерназаров көшесіндегі үйлердің бірінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасай отырып. Қайтыс болғандар - 58 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз. Өлімнің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілмек. Төтенше жағдайлар тобының үйді тексеруі көміртегі тотығымен уланудан өлу нұсқасын беріп отыр. Үйде газ құбыры мен жабдықтарын орнатудың бұзылуы анықталды. Жуынатын бөлмеде жылыту қазандығы бар екені белгілі болды.