Елена Рыбакина жарақатына байланысты Дубайдағы турнирден бас тартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулық жағдайына байланысты БАӘ турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды KYN.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып. Рыбакина турнирдің дара және жұптық разрядынан бірден шықты. Теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің алтыншы ракеткасымен, яғни американдық Коко Гауфпен бәсекелесуі керек еді. Жұптық разрядта Рыбакина Анастасия Павлюченковамен бірге Кимберли Циммерман және Моника Никулеску дуэтіне қарсы ойнауы қажет болған.