Басты жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Алматылықтар магнитудасы 2-3 балл болған жер сілкінісін таңғы 06:37-де байқаған, деп хабарлайды KYN.KZ. Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км жерде орналасқан. Cол уақытта Тәжікстанда 7 және 5,6 баллдық жер сілкінісі болды. Соннымен қатар Өзбекстанда 4 баллдық сілкініс сезілген. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған мүлік туралы әзірге дерек жоқ.