Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы қалталы қыздарға жігіті, күйеуі болып жалданатын азамат жұмысы жайлы ашық айтты

Астанадағы қалталы қыздарға жігіті, күйеуі болып жалданатын азамат жұмысы жайлы ашық айтты
ашық дереккөз
Жалдамалы жігіт: Бұның еш ұяты жоқ. Мен адал еңбекпен ақша табамын
Елімізде тәнін сатып, күнін көретін жігіттер көбейіп барады. Ғаламторда эскорт қызметін ұсынатын осындай ер адамдардың жарнамасы көбейіп кетті. Дене бітімі мығым олардың бір күндік қызметінің ақысы 50 мың теңге. Ал, шоттарына доллар аударсаңыз болды Сізбен бірге шетелге де, бизнес ланчқа да барып, түрлі арманыңызды орынаудауға сақадай дайын. Тепсе темір үзетін жігіттердің мұншалықты майдаланып кетуіне не себеп?. Намыс пен жігерді жиып қойып, қыз-келіншектердің арқасында күндерін көріп жүргендер туралы KYN.KZ  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осындай атпалдай азаматтар бұрын отбасының да, елдің де жүгін арқалап жауға шапқан. Мені көтеріп келе жатқан мына жігіттер сол дəстүрді жалғастырушылар. Алайда, кейбір жігітсымақтар алып дене бітімін қарабасының қамы үшін саудаға салауда! Тікелей айтсақ, тәнін сатып, күнін көруде. Бабаларымыз, ұрпағымыз ұсақталып кетпесе екен деп бекер уайымдамаған екен дейсің, осындайда. Сұңғақ бойлы, денем жаттықтырылған әрі сымбаттымын! Ғаламтордағы ер азаматтардың өзін саудалаған жарнамалардан көз сүрінеді. Тіпті жаға ұстайсыз! Бірнешеуіне хабарласып, нақты бағаларын сұрадық. Қазақ жігіттерінің оған жауаптары мынадай: Құдай берген бітімін бұлдап, тәнін саудаға салатын жігіттер шығуда біздің қоғамда. Өздерін осы заманның серілеріндей сезінетін олар, күнделікті нәпақасын осындай жолмен табуды ар санамайды. Солардың бірімен хабарласып, кездесуді жоспарладық. Бекітілген уақытта жігіт те келе қалды. Аты Әнуар екен. Әнуар ерте үйленген. Бірақ жұбайымен дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Бұл күнде жұмыссыз. Ал, эскорт қызметіне келгеніне 4-ақ күн болыпты. Соған қарамастан, клиент қыз-келіншектер көп дейді. Әнуар тіпті қызметінің құнын да жайып салды. "Күніне 50 мың тг, жақында ресейден келген келіншек  180 мың тг төледі. Негізі жоғарғы білімім бар, бірақ соңғы жылы мамандық бойынша жұмыс жасамаймын", -дейді. Ал, тәнін саудаға салатын жігіттердің көбейіп бара жатқаны қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшаның қабырғасына қатты батуда. Ана ретінде мұндай "жетесіздікке" алаңдаулы. "Сананы тұрмыс билеген мына заманда, оны ауыздықтау да мүмкін емес",- деп күйінеді ол. "Ол біздің ғасырдың дерті, қоғамның дерті десек те болады. Сондықтан да бұған бәрміздің жанымыз күйеді. Бәрмізде сол компьютерде отырмыз ғой, жылтың етіп ана жерден, мына жерден шыға келген кезде... Ең біріншіден мен ана ретінде ойлаймын: шіркін-ай, осыны ұл таптым деп, анасы қалжа жейді-ау. Сол ана қандай күйде қазір, мына баласының мынадай қасіретті көрген кезде деп, өзім ана ретінде күйінем. Сондықтан, бұны қазақ айтады, ауруын жасырған өледі деп.",- дейді қоғам делсендісі Қарлығаш Бекпатша.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар