Басты жаңалықтар

Жамбыл облысында көкек ана жеті бірдей баласын тастап кеткен

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында 30 жастағы келіншек 7 баласын шырылдатып тастап, Алматыға қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Балалардың үлкені 13 жаста, ал кішісі 3-те. Киімдері мен құжаттарын алып, үнсіз ғана үйден шығып кеткен ол өз еркімен кеткенін, ендігі оралмайтынын айтып, күйеуіне бейнежазба жолдаған. 7 бірдей тірі жетімді анасының тастап кеткеніне 2 жылға жуық уақыт болды. Балалардың әкесі әйелінің әрекетін үлкен қылмысқа балап, соттау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, әр балаға  2 жылдан жеті балаға 14 жылға бас бостандығынан айыру керек. "Аналық құқығынан айыру, алимент төлету деген жазаларға қарсымын. Тек соттау керек оларды". Әзірге әйелдің не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз.