Басты жаңалықтар
Қарағандылық «Hyundai Karaganda» автосалонынан жаңа деп алған көлігі ескі болып шыққанын айтты(видео)
- автор kyn.kz
- 23 ақпан, 2023
- 233
Су жаңа машинасын бір жыл сырмай жүргізген әйел, көліктің боялғанын сататын кезде білген
Қарағандылық келіншек «Hyundai Karaganda» орталығынан су жаңа деп алған көлігінің ескі болып шыққанын айтты, деп жазды KYN.KZ.
Қала тұрғынының айтуынша, 2022 жылдың маусым айында сатып алынған көлікті арадан 8 ай өтіп, 2023 жылдың ақпанын сатпақ болып клиенттерге ұсынады. Көлікті тексерген сатып алушылар көліктің боялғанын айтқан.
«Біз көлікті ешқайда соққан жоқпыз. Ешқандай авария болған. Ешқандай СТО-ға қалдырған жоқпыз. Сонда бізде «қалай су жаңа машина боялған болып шығады» деген күмән туды. Одан кейін Hyundai орталығына келіп, диагностикадан өткіздік. Онда да дәл солай боялған болып шықты. », - деген қарағандылық келіншек көпшіліктен көлік алғанда сақ болуын сұрады.
Аталған компания көліктің боялғанына көзі жетсе де, кінәні мойындарына алмаған. Керісінше, көлікті сатып алған тұрғындарға 4 дөңгелегімен беріп, 8 (қысқы және жазғы) дөңгелекпен алы қалған.
Келесі мақала