Полиция қызметкерлері 9 Пәкістан азаматын ұстады
Бұл туралы ҚР ҰҚК мәлімдеді. Ақпарат бойынша, пәкістандықтар Қазақстан-Қырғыз шекарасынан Қазақстан Республикасына заңсыз өтпек болған. «15 ақпан күні ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жамбыл облысы бойынша әскери қызметшілері ҰҚКД Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп Қазақстан-Қырғыз шекарасынан Қазақстан Республикасына заңсыз өтуге тырысқан Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», - делінген хабарламада. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.