Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Актер Нұржан Төлендиев қызын ұзатты (видео)

Актер Нұржан Төлендиев қызын ұзатты (видео)
ашық дереккөз
Танымал сықақшы, актер Нұржан Төлендиев қызы Қорланды ұзатып, ұзатудан бейнежазба жариялады, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. «Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар! «Адамның бір қызығы – бала» деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жекжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуаны отырмыз. Екі жасқа айтарым, біз бір баламыз екеу болды деп қуанып отырмыз. Әке жүрегі қимайды, қызғанады, алаңдайды, бірақ жастардың келешегі бақытты болады деген сенім бізді марқайтады. Адам ұрпағымен жасайды, ұрпақты болыңдар, айналайын. Жастардың бақытты болуы ата-аналар бізге де көп байланысты. Татулық болса, төбедегі келеді дегендей, бүгінгі тойды қалай қуанып бірге өткізіп отырсақ, қалған өмірде де қуанышымыз осындай ортақ бола берсін. Арамызда тек сыйластық, құрмет жүрсін. Жастарға үлгі деген осы», - дейді актер. Құда болып, төс қағыстырып жатқан Төлендиев әлеуметтік парақшасында қызын ұзатқан сәтінен бейнежазбалар жариялап, көппен қуанышын бөлісті. «Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың». https://youtube.com/shorts/yTqGzgj5Q50?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар