Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Вице-министр: Жойқын жер сілкінісі болса Алматының 30%-ті қирайды

Вице-министр: Жойқын жер сілкінісі болса Алматының 30%-ті қирайды
ашық дереккөз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының қай аудандары жер сілкінісі кезінде өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Алматы сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екенін атап өтті.
"Алматы 27 қауіпті тектоникалық жарық аумағында орналасқан. Негізгісі – қаланың таулы аудандары. Басқаларға қарағанда Түрксіб ауданы – барынша қауіпсіз, қалғандары – Медеу, Бостандық аудандары плиталардың ажыраған тұсында орналасқан, сол себепті қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр жойқын жер сілкінісі болса, Алматыдағы ғимараттардың отыз пайызы қирап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Қаланың 60-70 пайызы қирап қалады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша 9 және одан да көп балдық алапат жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 30 пайызы қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын келетінін есептеу қажет", - деді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар