Туған балалары мен әйелін пышақтаған ер адам журналистерден отбасын өзіне қайтаруға көмек сұрады
Әйелі: Талай рет мені, балаларды өлтіре жаздады. Жұмыс істемейді. Тек бізді қорлаумен айналысады
Саят Қосбармақов 10 жыл отасқан жары 2 жыл бұрын дүкенге кетіп,үйіне қайта оралмаған. Екі баланың әкесі бүгінде дала кезіп, бұрыңғы отбасын таба алмай жүр, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. Саяттың айтуынша жұбайымен 3 ай кездесіп,сөйлесіп шаңырақ көтерген . Осы аралықта басынан түрлі жағдайларды кешірген. Ішімдік ішіп әйеліне қол көтергенін де жасырмады. Алайда қазір өзінің өткен өміріндегі қателіктеріне өкінетінін , балаларын және әйелін сағынғанын айтып көзіне жас алды. Көпшілік алдына Саяттың әйелі Тамараның әпкесі видео байланыс арқылы шығып өз шындығымен бөлісті. «Сіңілім тұрмысқа шыққалы көз жасы бір тоқтамады. Ішіп алып, нашасын шегіп алып Тамараның үлкен ұлына аяғы ауыр кезінде ішінен теуіп үйден қуып шыққан. Сіңілім үйге қашып келеді. 20 наурыз 2020 жылы тағы да қолынан мал соятын пышақты алып, "Тамараның басын кесемін" деп үйге баса көктеп кіріп келді. Есік алдынан інім шығып қалып оны пышақтап реанимациядан бір-ақ шығарды. Қазір інім жұмысқа жарамсыз. Оның айтқанына сенбеңіздер", - деді Саяттың қайын апасы көпшілікке. Саят балдызын пышақтағанын мойындады. «Әйелім үйден кетіп қалмағанда бұндай жағдай болмас еді. Інісі маған бірнеше рет қол көтерген. Осы уақытқа дейін. Мен ол кезде ешқандай жауап қайтармаған едім. Сол кезде өзімді қорғау мақсатында үйлеріне қолыма пышақ алып бардым. Өзі тағы да қол көтеріп тепкілей бастағаннан кейін, байқаусызда пышақ кіріп кетті. Мен ол үшін жазамды өтедім. Сот маған үш жыл берді. Мен қәзір бір жыл жеті ай срогымды өтеп шықтым», - деп ақталды Саят. Саяттың жұбайы да көп күттірмей студияға шықты. Тамара болған жағдай бойынша өз шындығын айтты. «Саятқа тұрмысқа шыққаныма өкінемін. Басымнан қанша рет жұдырықпен ұрып, қан жоса қылды. Мен өзгерді деп ойламаймын. Мен осындай жағдайға жеткізген осы адам. Ұрып-соққаныңды ешқашан мойындаған емессің. Оған көршілер, туысқандар барлығы куә. Осындай қорлықтан кейін қашасын. Менің туысқандарымнан өлгенше кешірім сұрап, екі-үш күннен кейін бұрыңғы әуеніңе қайтадан басасың. Мені қойып тіпті балаларына да қол көтерген адам бұл. Үнемі мен жұмыс істеп ақша табатынмын, қыс басталса көрпенің ішіне кіріп алып ұйықтайды. Ақша таппайды. Бұндай күйеудің не керегі бар», - деп жан айқайын жеткізді келіншек. Тамараның соңғы сөзі Саятты кешірмейтінін айтты. Ал Саят болса «балаларым тірі жетім болғанша өлі жетім болсын», деп ашуға булыға сөйледі. Студияға арнайы мамандар келіп, Саяттың жаман әдетін қойғызуға қуана көмектесетінін, және олар арнайы жұмыспен қамту орталығына барып, Саяттың сотталғандығына қарамастан тұрақты жұмысқа тұратынына мамандар көмек беретінін айтты. Көпшілік ер адамның өткені мен қазіргі мінезіне қарап, оған толық сену қиын екенін алға тартты. Ол бұрыңғы әдетіне басып, өз әйелі мен балаларына қасақана қастандық жасауы мүмкін дегенді айтуда.