БҚО-да апатқа түскен «Қазавиақұтқару» тікұшағы бойынша тергеу басталды
БҚО-да тікұшақтың қатты қону фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бортта экипаждың 5 мүшесі және «ҚазТрансОйл» компаниясының 1 қызметкері болған. Апат болған жерде экипаждың 4 мүшесі қаза тапты. «Факт көлікте ҚР ҚК 344-бабы, 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша ПД СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілу үстінде», - делінген хабарламада.