Басты жаңалықтар

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды. Кездесу 2023 жылғы 28 ақпанға қойылды. Қазақстанға жасалатын алғашқы ресми сапарында Энтони Блинкен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, премьер-министрдің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізбек. «Сол күні Астанада Энтони Блинкеннің қатысуымен С5+1 форматында Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық пен АҚШ-пен әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері тұр», - деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.