БҚО-да «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатында қаза тапқандардың кім екені белгілі болды
Қайтыс болғандардың барлығы экипаж мүшелері мен ҚР ТЖМ қызметкерлері болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
- Аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов;
- Ұшқыш-нұсқаушы Довлетбай Қанатов;
- Екінші ұшқыш Владимир Афанасьев;
- Жетекші инженер Жардем Досқалиев.
Айта кетейік, 23 ақпан күні «ҚазТрансОйл» тапсырысы бойынша Атырау - Орал - Атырау бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырын айналып өткен «Қазавиақұтқару» тікұшағы БҚО Чапурино кентінің ауданында Орал қаласынан 54 шақырым жерде апатқа ұшырады. Бортта экипаждың 5 мүшесі және «ҚазТрансОйл» компаниясының 1 қызметкері болды. Апат болған жерде 4 адам қаза тапты.