Діни ағым өкілдері мешітте намаз оқып тұрғандарға кедергі келтірген (видео)
Деструктивті діни ағым өкілдері Қазақстан өңірлерінің бірінде мешітте намаз оқып ер адамдарға кедергі келтіріп, қисынсыз әркеттер жасады, деп хабарлайды KYN.KZ. Тексеру шаралары барысында, аталған діни ағымды ұстанатын 3 ер адам мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, имамға кедергі жасағаны белгілі болды. Бұл іске байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 2-бөлігімен «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша жинақталған деректер соттың қарауына берілді. Сот шешімімен кедергі келтірген ер адамның барлығы да кінәлі деп танылып, әрқайсысы 120 750 теңге айыппұл арқалады. https://youtu.be/bBG0i2Iggeg