Аманжол Әлтаев: Аmanat-та Назарбаевтың, Нығматулиннің де ықпалы жүрмейді (видео)
ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығы сайлауына түсіп жатқан Аманжол Әлтай Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданы сайлаушыларымен кездесуде «AMANAT» партиясы ешкімнің ықпалы жүрмейтін тәуелсіз партия екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды KYN.KZ. "Бүгінгі жаңарған «AMANAT» партиясына Назарбаевтың да, Нығматулиннің де, Назарбаев әулетінің де, кешегі Байбектің де, басқаларының да, ешқайсысының ықпалы жүрмейді. Жаңа партия өзінің мүлкімен жаңармайды. Партия адамдармен, қабілетті жаңа кадрлармен жаңарады. Партияны жаңартатын, жаңғыртатын, халықтың сеніме ие болғызатын кім? Ол - тұлғалар, жеке адамдар. Сондықтан да бүгінгі «AMANAT» партиясының басшылығына жаңадан келген құрамы да, саяси кеңес мүшелері де жаңадан халыққа өзінің шынайы жанашырлығымен келген тұлғалар, адамдар", – дейді Аманжол Әлтай. https://youtube.com/shorts/5nyskqYro-s?feature=share