Ақтауда жалаңаштанған ер адамның жол бойында тұрған көліктерді ашпақ болған бейнежазбасы тарады (видео)
23 ақпан күні Ақтау қаласында жергілікті тұрғын денесін жалаңаштап көше бойында тұрған көліктердің есігін тартқылап ашпақ болды, деп жазды KYN.KZ. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада киімсіз жүрген ер адам 2-ықшамаудандағы №22 үйдің маңында тұрған көліктерді бір-бірлеп ашуға ұмтылады. Бейнежазба авторы одан неге бұлай жасап жатқанын бірнеше рет сұрайды. Алайда ер адам сұраққа қолын сілтеп жауап бермейді. Әзірге полиция қызметкерлері бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ. https://youtu.be/MEYGRmb0kC0