Басты жаңалықтар

Мектептерде газдалған сусын мен шоколад сатуға тыйым салынды

Мектептерде газдалған сусын мен шоколад сатуға тыйым салынды Мектептерде газдалған сусын мен шоколад сатуға тыйым салынды.

Әрі зиянды тәттілерді бұдан былай оқушыларға саудалауға болмайды. "Денсаулық сақтау министрлігі мектепте тамақтануға қатысты санитарлық ережелер мен нормаларды қабылдады. Соған сай, тыйым салып отырмыз. Өйткені, газды сусын мен түрлі тәтті тағамдар ұл-қыздардың денсаулығына зиян."-деді  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Қазір оқушылардың каникулға шыққанын ескерсек, жаңа талап қыркүйектен бастап орындалуы тиіс.  Сондай-ақ министр ата-аналарға білім ордасында тыйым салынған өнімдердің сатылғанын көрсе бей-жай қарамауға шақырды. Бірден, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына хабарласуды сұрап отыр. Ал, ереже бұзған мектеп әкімшілігіне қатысты қатаң шаралар қолданылмақ.