Басты жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қыз кейпінде жұрттан ақша талап еткен алаяқ ұсталды

Қызылордада әлеуметтік желіде жалған парақшамен қыз кейпінде елден ақша сұраған ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ. ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, егер облыс тұрғыны оған төлем жасамаса, желі арқылы қыз кейпінде тұрғынның жеке мәліметтерін жариялайтынын айтып қорқытқан. Түркістан облысының 21 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталып, артынша Қызылордаға жеткізілді. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар екені анықталды. ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.