Басты жаңалықтар

Блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде бетін тұмшалаған құмалақшылардың алаяқтығын дәлелдеп берді

Экономист, танымал блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде бетін тұмшалаған құмалақшы қазақ қыздарын қалай сынағанын айтып берді, деп жазды KYN.KZ. Дәулет Мұқаев бүгінгі қоғам адамдарының жалпы өміріне шолу жасай келе, желіде құмалақ ашып, жұрттың тозаққа не жұмаққа баратынын айтып отырған қыздарды сынады. «Небір нәрсені кездесіруге болады. Жын-жыпырдың бәрі бар. Бірі жылайды, бірі билейді. Кейбірі сауда жасаса, енді бірі шоу көрсетеді. Тағы біреулер құмалақ ашады, жол "ашады", ал мына қыздар болса кімнің жұмаққа барып, кімнің тозаққа баратынын шешетін секілді. Себебі елдер қарсы пікір жазса, олардың жауаптары бәрі тозақпен байланысты. Әркімнің өз еркі дейміз-ау, бірақ қазақ екенімізді ұмытпайық. Иә, ана-әжелеріміз жабық киінген, шаштарын жапқан. Бірақ, беттерін ешқашан тұмшаламаған». Блогердің құмалақ ашқан қыздардың қызмет ақысы 1500 тг екенін және өзі де сол ақшаны төлеп, олардың қызметіне жүгінгенін айтады.  width= Енді біреулер балгер болып кеткен. Әрі олар саңырауқұлақтай көбейіп кеткен. Ең қызығы бір апаның көріпкелдігі 1500 теңге екен. Мен тамашалаған 15 минуттық эфирде 10 шақты адам ақша аударды. Қызық болсын деп мен де 1500 теңге аудардым да, сұрақ қойдым. Жасым 30-да, қашан үйленемін деп каспийге жазып жібердім. Ең қызығы, бірден жауап берді: (скрин жасап үлгермедім) әлі үйленбейсің. Бірақ, сені ұнатқан бір қызға өзің қарамай жүр екенсің ғой деп өзімді кінәлап қояды».