Басты жаңалықтар
«Халықтың 70%-ы такси жүргізушісі болып күнін көріп отыр»: Жаркентте такси жүргізушілер сырттан келетін қонақтарға қатаң ескерту жасады (видео)
- автор kyn.kz
- 24 ақпан, 2023
- 244
Жаркенттік такси жүргізушілер сырттан келетін қонақтарға жергілікті жерде адам тасымалдамауын сұрап, қатаң ескерту жасады. Олар ай сайын өтейтін несиелеріне байланысты осындай қадамға баруға мәжбүр екендіктерін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, сырттан ауылға көлікпен қонақ болып келген адамдар күнделікті нәпақасынан қағып отыр. Олар жолда қатынаушы тұрғындарды тасымалдау қызметімен айналысып, жергілікті такси жүргізушілері тасымалдауға адам таппай, жолға шыға алмай отыр.
«Алыстан келген қонақтар! Қандас бауырлар! Бұдан кейін туысқаным, бауырым деп адам алып кету жоқ. Болды. Бізге адам шықпай жатыр. Себебі мұнда, Жаркентте халықтың 70%-ы такси жүргізушісі болып күнін көріп отыр. 3 күн болды. Жігіттер жолға шыға алмай отыр. Бізді де дұрыс түсініңдер. Сырттан келіп адам алатындарға жол бере алмаймыз. Бір ауыздан айтып отырмыз. Ескертпеді демеңіздер. Осылай жалғаса беретін болса, істің арты қантөгіске дейін баруы мүмкін», - дейді олар.
https://youtu.be/yQDTFiF3zQ0