«Тек сыйластық қана бар»: Әнші Заңғар Нұртас келіншегімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді
Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы KYN.KZ Taboo бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қытайда білім алып, елдегі Qiwi терминалын енгізген Заңғар Нұртас 2022 жылдың наурыз айында 9 жыл жүріп үйленген жарымен бүгінде мүлде хабарласпайды. «Бұрынғыдай жанып тұрған ештеңе жоқ. Тек сыйластық қана бар. Қазір хабарласпаймыз. Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін», - дейді Заңғар. Әнші болашақ жарының бойында болуы қажет болған қасиеттерді атады. «Маған қамқор болуы керек. Үйдің берекесін келтірсе болды. Таза, адамгершілігі болса және түсіністікпен қарауы керек. Менің ойымша, бәрі мінсіз болмайды. Оның мінезі, қылығы болмаса, ішің пысып кетуің мүмкін. Үйге келесің, "Жаан, бүгін сен осылай істедің" деп өкпелеп қалмаса, арада қызық ештеңе қалмай қалатын сияқты. Арада бір еркелік болу керек, ойын болуы керек. Қыздың қылығы болуы керек қой. Қылық болмаса да болмайды. Бірақ өз ретімен болу керек, шектен шықпау керек», - дейді ол. Сондай-ақ әнші екі әйел алуға қарсы екенін білдірді. Оның ойынша, ер адам бір ғана әйелмен қалу керек.