Басты жаңалықтар

Музыкант Darkhan Juzz-дің неден көз жұмғаны белгілі болды

Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбековтің неден көз жұмғаны белгілі болды. «Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Біздің азамат жалдамалы мопедпен келе жатқанда жол-көлік апатына ұшырап қайтыс болды. Консул қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен. Айта кетейік, Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.