Басты жаңалықтар

Жетісайда 14 жастағы бала туған анасы мемлекеттен ақша алу үшін өзін мүгедек етіп тіркегеніне қарсы шықты

Баланың анасы бірнеше жылдан бері балам мүгедек деп құжат жасатып, мемлекеттен ақша алып отырған

14 жастағы баланың туған әкесі мен анасы  12 жыл бұрын ажырасып кеткен. Әйел баласының талма ауруымен ауырғанын айтып, құжаттарын дайындап оны зейнетке шығарған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. "Балам 3,5 жасынан бастап тістеніп, тырысып талма ауруымен ауырды. талай мәрте жедел жәрдем шақырдым. Бір күнде бірнеше рет шақырған кездерім де болды. Медициналық тексеруден толық өткізіп, заңды түрде мүгедектік рәсімдедім",-дейді баланың анасы. Ал баланың өзі болса өзі ешқашан талып ауырмағанын айтады. "Мен 14 жастағы адаммын. Өз ойым, басым бар. Мені ешкім анама қарсы қойып отырған жоқ. Мен өзімнің атыма жазылған мүгедектіктің алынғанын қалаймын. Менің денсаулығым жақсы. Тіпті группен сирек ауырамын. Сот арқылы болса да атымнан мүгедек деген қағазды алып тастағым келеді",-дейді  оқушы. Ал баланың әкесі болса бұрыңғы әйелін ақша жасау мақсатында осындай қадамға барды деп отыр. "Біз ажырасқалы балам екі арада қатынап жүр. Соңғы үш жылда менімен тұрып жатыр. бірде бір рет талмасы ұстаған емес. Тіпті бұрында, кішкентай кезінде де мен бар жерде талғанын көрмеппін. Сол үшін де сап сау баланың атынан мүгедек дегенді алдыру керек. Сау адамды ауру етіп көрсету деген сұмдық",- дейді баланың әкесі. Ал 14 жастағы бала қазір әкесімен тұрып жатыр. Өгей анасы да  соңғы үш жылда баланың ешқандай талмасы ұстаған жоқ дейді. Дәрігерлер болса нақты осы талма ауруы бойынша балалар көп жайтты білмей қалады дегенді алға тартуда. "Балалар талма ауруын көп жағдайда білмейді. Өйткені олар есінен танып, жағдайды бақылай алмайды. Бұл ауру науқастың ата-анасының айтуымен зерттеледі. Соңғы үш жылда талмады десе, онда бала жақсарып келеді. Тағы екі жыл талмасы ұстамаса, оның мүгедектігі яғни мемлекеттен ақша бөлу тоқтатылады",-дейді дәрігер. Ақиқатқа көз жеткізе алмай қиналған баланың әкесі Түркістан облыстық прокуратурасына бұрыңғы әйелінің атына арыз түсірді. Егер әйелдің мүгедектікті жалған жасатып алғаны дәлелденсе қылмыстық жауапқа тартылады. Сонымен қоса  бес жыл бойы мемлекеттен алып келген ақшаны қайтаруына тура келеді. Қазір баланың әкесі жазған арыз прокуратураның қарауында жатыр.