Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды

Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды
ашық дереккөз
Құзырлы орган Ертаевті Ресейден экстардициялаудың қамына кірісіп кетті
Тықыр таянды. Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Құзырлы орган «РБК Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісін Ресейден экстардициялаудың қамына кірісіп кеткен. Айта кетейік, Ертаев банктің 160 млн доллар қаражатын қолды қылды деген күдікпен іздестіріліп жатыр. 3 жыл іздеуде болған банкир  мамыр айында Мәскеудің орталығында тұтқындалған болатын. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаты бойынша 2018 жылдың 14 маусымында Мәскеу соты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын 8- қарашаға дейін ұзартты. Сонымен қатар, біздің өтініш хатымыз бойынша Ресейдің ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6- маусымдағы шешімімен Ж. Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды.",- деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар