Қостанайдағы әжелер ойын-сауық орталығы әкімшілігімен арадағы дау неден туындағанын айтты (видео)
Әжейлер орталыққа кіріп сырткиімдерін шешкеннен күзетші оларға жүгіріп келіп, шоши қарап, сыртқа шығуларын талап еткенін айтады
Қостанайда кимешек киген әжелерді ойын- сауық орталығы күзетшісі іште ұлттық киіммен жүруге болмайтынын айтып, сыртқа қуған еді. Бұл жағдай көпшіліктің ашуына тиіп, тіпті орталық басшысын, әкімшісін жауапқа тарту керек деген бастамаларға ұласып жатты. KYN.KZ сайтына хабарласқан әжейлер өздерінің кім екенін, неге қуылғандарын баяндап берді. "Біз Қостанайда "Қазақ аналары -дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігін құрғанбыз. Онда сексен ана бар. Біздер Қазақстан бойынша ұйымға мүше болғысы келетіндерді қатарымызға қосабереміз. Рудныйда, Әулекөлде бөлімшелеріміз бар. "Март" сауда үйінде болған жағдайды баяндап берейін. Ол жерге оннан асатын ана кимешек киіп, ұлттық киімде бардық. Күзетші бірден ерекше көрінісімізге назар аударған болар, сыртқа шығуымызды талап етті. Біздер мұның ешкімге ешқандай қауіп төндірмейтінін түсіндіруге тырыстық. Кенет әжелер қазақша әндетті. Сол сәтте әкімшілері қорықса керек кәдімгідей бізді сыртқа шығуға талап етіп, күшейе бастады. Әжелерге бірден өлең айтпаңыздар дедік өзіміз арамызда. Содан сыртқа шығып кеттік. "Март" сауда үйінің сыртында біраз жүрдік. Мақсатымыз көрісу, көктем мерекесі қарсаңында барлық жерде әжелер ұлттық киіммен жүрсін деген челлендж жасайық дегенбіз. Бар ойымыз сол. Содан соңы бүкіл елге тараған дау туындап кетті. Қазіргі кезде, ойын-сауық орталығы басшысы бізден кешірім сұрады. 16 наурыз күні соның ішіндегі әдемі орынға шайға шақырды. Бізде өз тарапымыздан ымыраға келіп, қонаққа барамыз деп отырмыз",-дейді қоғамдық бірлестік мүшесі Сәрсенбаева Гүлбану.