«Басын көкке көтермей, еңкейіп шашу жинап жүргеніне рахмет»: Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің жаңа құдасы дүркіретіп екі жастың тойын жасады (видео)
«Алдараспан» театрының директоры, актер Нұржан Төлендиевтің жаңа құдасы екі жастың тойын дүркіретіп жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Бірнеше күн бұрын ғана қызын құтты орнына қондырған сықақшы Нұржан Төлендиевдің жаңа құдасы зәулім тойханада екі жастың үйлену тойын дүркіретіп жасап берді. Актер әлеуметтік желідегі парақшасында 26 ақпан күні болған тойда тойханаға кіріп келе жатқан сәтінен бейнежазба жариялап, көпшілікпен қуанышын бөлісті. Алдынан шашылған шашуды жинап жүрген сықақшыға ел риза болды. Үнемі халықпен бірге болып, халық арасынан табылған актерге жұрт та тілектестігін білдіріп, жүрекжарды тілегі мен батасын жаудырды. «Танымалдылық ұстап басын көкке көтермей, еңкейіп шашу жинап жүргеніне рахмет», «Шашу шашу арқылы шаңыраққа құданың басын идірді, бұл дегеніміз шаңыраққа деген сый-құрмет», «Красавчик Нұрекең, Тука», «Қарапайымдылық, қазақи ұстамдылық мол жан екенін Нұржан көрсете білді. Еңкейіп шашу алғанына рахмет», «Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын! Бақытты болсын! Алла Сіздердің жолдарыңызды берсін», «Күйеу мың жылдық, құдаларыңыз 100 жылдық болсын». https://youtube.com/shorts/m6URcjZCA9U?feature=share