Серік Сәпиев спортшымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді (видео)
Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде Серік Сәпиев балуан Зелимхан Мусихановпен жанжалдасып қалған еді. Артынша қос спортшының командаластары екеуін ажыратты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. «Меніңше, бұл – жекпе-жекте болуы мүмкін әдеттегі жағдай. Бұл жағдай күресте де, футбол алаңында да, барлық жерде болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалуы керек. Мен рингте қарсыластарымды аямаймын, алайда жекпе-жектен кейін біз доспыз. Бұған не себеп болды? Ойын біткен кезде қарсыласымның қолын алуға бардым, оған күлімсіреп: «Мұндай жағдай болып тұрады» дедім. Бірақ ол эмоциямен жауап ретінде бірдеңе айтты. Мен шын ниетпен барып тұрсам, ол маған негативпен жауап берді. Артынан тағы да негативті іс-әрекет көрсетті. Сол үшін осындай жағдай болды», – деді спортшы. https://youtu.be/CIoeFRBFTKI