Марқұм Darkhan Juzz-дің әйелі күйеуі туралы естелігін бөлісті (видео)
Өткен аптаның жұма күні Darkhan Juzz лақаб атымен танымал қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің қайтыс болғаны белгілі болды. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KYN.KZ. «Таиланд полициясының мәліметінше, 24 ақпан күні Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков Пхукет аралында қайтыс болды. Өлім жағдайы жалдамалы мопедпен жүрген кезде болған апат салдарынан болды. Елшілік марқұмның туыстарымен байланыста, мәйітті елге жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР СІМ. Марқұмның әйелі жұбайын еске алу үшін бірнеше естелігін жариялады. Әйелі Дарханның жанашыр күйеу және қамқор әке болғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, жоспар бойынша Дарханның осы жолғы сапарға шықпауы керек еді. «Сен маған барлық жағдайда көмектестің, әсіресе балалар дүниеге келгенде. Оның қандай музыкант болғанын бәрі жақсы біледі. Бірақ қандай керемет күйеу, әке және ұл болғанын білетіндер аз. Сен жай ғана бақыттан нұр шашып, жарқырадың! Биылғы жылға біраз дүниені жоспарлаған едік. Сен ұшып кетпеуің керек еді. Жоспар бойынша болған жоқ бұл жолы. «Жоспармен жүру керек және оларды өзгертуге болмайды» дейтін едің үнемі», - деп жазды әйел. Сонымен қатар әйелі жұбайының қандай жақсы адам екенін де айтып, көптің жүрегін елжіретті. «Сенің бізді тастап кетті кеткеніңе сене алар емеспін. Менің кішкентай ғана қуанышым Диди. Сен өте ашық-жарқын әрі мейірімді адам едің. Сені атақ-даңқтың шыңы алда күтіп түр еді. Мен сені әрқашан күлімсіреп махаббатпен еске аламын. Артыңда жақсы із қалдырдың. Ұрпақ қалдырғаның үшін рахмет». Дархан Жүнісбековтің артында әйелі, ұлы мен қызы қалды. https://youtu.be/qWsKigogSHs