Басты жаңалықтар
Түркияда зілзалада шетінеген сәбиге бесік жырын айтқан келіншек көптің көзіне жас үйірді
- автор kyn.kz
- 27 ақпан, 2023
- 652
Түркияның Малатья қаласында зілзала салдарынан үй ішімен қирандының астында қалған келіншек құшағындағы қайтыс болған нәрестеге бесік жырын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстарына ерікті ретінде қатысқан жергілікті мұғалімнің айтуынша, ондағы болған жағдайларды ұмыту мүмкін емес. 19 адамды үйінді астынан аман-есен алып шыққан олар алғашқы күні 9 сағат іздеп, бірде-бір тұрғынды таба алмаған. Үйінді астындағы бір қыздан әкесіне хабарлама келген. Сол хабарлама бойынша зілзаладан 19 сағат өткен соң құтқару тобы қираған ғимаратта іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 9 адамды аман алып шықты.
Үйінді астынан шыққандардың бірі әпкесіне сәбиі туралы айтып, елдің етегін жасқа толтырды.
«Ол менің құшағымда жатыр, уайымдама, бесік жырын айтып ұйықтаттым» деп айттым. Баланың қайтыс болғанын мен ғана білдім. Қирандының астынан алып шыққанға дейін бәрі, құтқару тобы да тірі деп ойлады».
Ондағы еріктінің сөзіне сүйенсек, ол қыз сәбидің анасына, яғни әпкесіне моральдық көмек беру мақсатында осылай жасаған.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




