Түркияда зілзалада шетінеген сәбиге бесік жырын айтқан келіншек көптің көзіне жас үйірді
Түркияның Малатья қаласында зілзала салдарынан үй ішімен қирандының астында қалған келіншек құшағындағы қайтыс болған нәрестеге бесік жырын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасай отырып. Жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстарына ерікті ретінде қатысқан жергілікті мұғалімнің айтуынша, ондағы болған жағдайларды ұмыту мүмкін емес. 19 адамды үйінді астынан аман-есен алып шыққан олар алғашқы күні 9 сағат іздеп, бірде-бір тұрғынды таба алмаған. Үйінді астындағы бір қыздан әкесіне хабарлама келген. Сол хабарлама бойынша зілзаладан 19 сағат өткен соң құтқару тобы қираған ғимаратта іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 9 адамды аман алып шықты. Үйінді астынан шыққандардың бірі әпкесіне сәбиі туралы айтып, елдің етегін жасқа толтырды. «Ол менің құшағымда жатыр, уайымдама, бесік жырын айтып ұйықтаттым» деп айттым. Баланың қайтыс болғанын мен ғана білдім. Қирандының астынан алып шыққанға дейін бәрі, құтқару тобы да тірі деп ойлады». Ондағы еріктінің сөзіне сүйенсек, ол қыз сәбидің анасына, яғни әпкесіне моральдық көмек беру мақсатында осылай жасаған.