«Тамара Асар тәтеңдей нәзік те мықты бол»: Бір аяғы жоқ әнші қыз елдің жүрегін елжіретті (видео)
Қазақстандық бұлбұл көмей мүгедек қыз әнімен көптің таңдайын қақтырды, деп жазды KYN.KZ. Елдің ықыласына бөленген әнші арудың әдемі даусы көптің жүрегін жаулап, жұрт оған жүрекжарды тілегін жаудырды. Аружан бір аяғының жоқтығына қарамай, тойларда би де билеп, нәпақасын тауып жүр. Ол алаяқтардың өзінің атын жамылып, елден ақша жинағанын да жасырмады. «Кейбір қойдың терісін жамылған қасқырлар халықтың аңғалдығын пайдаланып, менің атымнан «ем үшін» деп ақша жинап жүр екен. Айтарға сөз таппадым естігенде. Сіздерге айтарым: Ондай алаяқтарға сеніп қалмаңыздар! Аллаға шүкір! Бір аяғым болмаса да, екінші аяғым бар. өз күнімді өзім көріп, еміме де, басқаға да ақшаны өзім таба аламын. Ал алаяқтарды бір Аллаға тапсырдым», - дейді Аружан Рашид. Оның өнеріне тәнті болған әлеуметтік желідегілер өнер иесіне риза болып, батасын да беріп жатыр. «Жарайсың, қызым! Алла өмір берсін, ешқашан мойыма, бақытты бол, Алланың қалауы болсын», «Қарындасым өнерің үстем болсын! Ұзақ ғұмыр тілеймін! Алла жар болсын!», «Тамара Асар тәтеңдей нәзік те, мықты бол», «Дауыс әдемі, биязы екен рахмет! Қолға не талап алсаң да, оңынан келсін. Бақытты бол», «Дауысы қандай керемет. Бақытты бол, қызым», «Қиындыққа осылай мойыма. Тамара Асардың да бір аяғы жоқ протез, ол да батыл қыз. Сол сияқты бақытыңа жетуіңе тілектеспін», - дейді желідегі оқырмандар. https://youtu.be/xumkX6ffla8