Дархан Жүнісбековтің денесі Алматыға қашан жеткізілетіні туралы айтылды
Таиландта қаза тапқан қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні елге жеткізілетін болды. Бұл туралы ҚР СІМ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазды KYN.KZ. «Қаза тапқан отандасымыздың туыстарымен, продюсерімен байланысып отырмыз. Марқұмның денесі ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Air Astana авиакомпаниясы оны тасымалдау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды. Қалған қызметтердің ақысын сондағы онымен бірге демалған достары төледі», - деді Айбек Смадияров. Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпан күні Darkhan Juzz лақап атымен танымал өнер иесі, белгілі қазақстандық әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.