Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерін таксиші пышақтап өлтіріпті
Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтіріпті, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып пышақтапты. Қазір ол қамауда отыр. Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр. "Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды",- деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.