Басты жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу бұрынғыдан да қиындай түспек

Бұдан былай қазақстандықтардан Шенген рәсімдеуде қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігінде айтылды. Жаңа ереже 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Алайда ведомствоның ресми өкілі біздің еліміз Еуропа тарапынан ресми хабарлама алмағанын атап өтті. "Шенген келісімінде қара да, қызыл да тізім жоқ екенін және бұл әдеттегі жұмыс процесі екенін атап өткім келеді. Еуроодақ елдерінің және Шенген аймағының ережесіне сәйкес виза алуға өтініш берген үшінші іс жүзінде біздің азаматтарымызға виза қарау рәсімінде қандай да бір өзгеріс күтілмейді. Виза алушы азаматтарға қатысты қосымша консультаци басталуы мүмкін. 40 елдің тізімі "қара тізім" деп аталмайды. Себебі олардың арасында Еуроодақпен тығыз қарымқатынаста болатын көптеген ел бар. Бұл Орталық Азияның барлық елдері, Әзірбайжан, Армения, Марокко, Тунис, Иордания, Вьетнам...",- деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.