Оңтүстік Кореядан автокөлікке тапсырыс берген қазақстандықтар алаяқтықтың құрбаны болды
Бір жыл бұрын Оңтүстік Кореядан автокөліктерге тапсырыс берген қазақстандықтар көліктерін ала алмай, 2022 жылдың мамыр айында полицияға арыз жазды, деп хабарлайды KYN.KZ. Алаяқ құрығына түскен 12 бірдей отандасымыздың айтуынша, сол күннен бері іс қозғалмаған. Келісім жасасқан жалған кәсіпкер үш ай ішінде көліктерді жіберуі қажет болған. Алайда мерзім аяқталғаннан кейін уәдені үйіп-төккен, артынша байланысқа мүлдем шықпай қойған. «Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.