Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

GGG - «Канело» жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

GGG - «Канело» жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады
ашық дереккөз
Головкин-Альварес II бокс кеші 15 қыркүйек күні Лас-Вегастың уақытымен сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек сағат таңғы 06:00) басталады.
WBA/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 15 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке билеттердің сатыла бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz. «Билеттердің алдын ала сатылымы ертең Тынық мұхиты уақытымен сағат 10.00-ден (Астана уақыты бойынша 23:00) басталады. GGG промокодын пайдалануды ұмытпаңыздар», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында билеттерге алдын ала тапсырыс беруге болатын сілтемемен бөлісіп. GGG мен «Канело» WBA, WBC  және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады. Дәл қазір бұл титулдарға қазақстандық боксшы ие болып отыр.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар