Алматыда әскери институттың 1-курс курсанты өлі күйінде табылды
Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының 1 курс курсанты өлі күйде табылды. Ол оқу орталығының қарауылдық постында тұрған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.
Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады» деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.