Басты жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева Жүрсін Ерманның орнын кім басатынын айтты

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында Жүрсін Ерманның орнына кімнің лайықты екенін айтты, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Тұрсынбаеваның айтуынша: "Қазір айтыста жүрген ардагер ақындардың кез келгені баса алады деп ойлаймын. Аманжол Әлтаев, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Қалиолла сынды, мықты, елге сөзі өтетін ақындардың кез келгенінің қолынан келеді. Көп ақындардың танылуына Жүрсін ағамыздың еңбегі сіңді. Солардың кез келгені айтысты тізгіндей алады", деп ойын аяқтады.