Алдағы уақытта Ерке Есмахан өзін тек отбасылық өмірге арнағысы келетінін айтты
Бұндай мәлімдемені Ерке өзінің әлеуметтік желідегі оқырмандары қойған сұрақтарына жауап бере отырып жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Instagram-да әншіден бір оқырман "Өнерде қаласыз ба әлде тек үйде отыратын келіншек боласыз ба?" деп сұраған. "Сырға салуға" келгенде: ән айтам десе айтқызамыз, билеймін десе билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз" деді үлкендер. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты", - деді Ерке Есмахан.