Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Адам құны 30 мың": Алматылық әйел өз үйінен қалай ұрланғанын, нарко диспансерде көрген сұмдығын айтып берді (видео)

"Адам құны 30 мың": Алматылық әйел өз үйінен қалай ұрланғанын, нарко диспансерде көрген сұмдығын айтып берді (видео)
ашық дереккөз
Диана: Бір адам сөзімді тыңдап, жауап берген жоқ. Шизофрениядан емдейтін екпе салып, есеңгіретіп, қамап ұстады
Алматылық 36 жастағы Диана Сабазова ойламаған жерден екі күнге Наркологиялық Диспансерге қамалып, өзіне белгісіз екпелер жасалғанын айтты. Сөзінше жайбарақат үйінде жұмысын істеп отырған. Есікті қаққан екі жігіт баса- көктеп кіріп, телефонын тартып алып, өзін сыртқа сүйреп шығарған.  Тіпті, аула камераларынан әйелді екі ер адамның жұлқылай көтеріп, көлікке салған сәті түсіп қалған. Бір баланың анасы көрген түстей қорқынышты жағдайды толық баяндап, KYN.KZ тілшісіне сұхбат берді. Қазір болған жағдай бойынша талғар қаласы полициясына шағым түсті, тергеуші сот алды жұмыстармен айналысып жатыр. Сабазованың басынан өткен жағдайды еш монтажсыз назарларыңызға ұсынамыз:   Бұған дейін Диана Сабазованың басынан өткен жағдайды хабарлаған болатынбыз. Онда екі ер адамның  әйелді көлікке күштеп салып әкеткенін көруге болады.

Алматы облысында екі азамат әйелді үйінен күштеп әкетіп, наркоорталықта белгісіз екпе жасатқан (видео)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар