Басты жаңалықтар

3 тәулікке қамалды: Қарағандыда Жетісай тұрғыны лифтіде оқушы қызға нендей қылық көрсеткенінің видеосы тарады

ОҚО тұрғыны қызды үйіне шақырып, арам пиғылын жүзеге асырмақ болғанын айтты

Қарағандыда оқушы қыздың ізінен аңдып тұрып, лифтіге кірген азамат 14 жасар қызды өз дегеніне көндіруге тырысып баққан. Оныың сөзінше қызды көндіріп, пәтеріне ертіп бармақшы болған. Қарағандыға жұмысқа барған Жетісай тұрғыны арам пиғылы болғанын да жасырмайды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ол лифт ішінде оқушыға түсуі тиіс қабаттын  номерін басуға кедергі келтіреді. Өз айтқанына көндіру үшін қыздың түсіп кетуіне кедергі келтіреді. Сол аралықта оқушыға қол жүгіртіп, сүйіп, құшақтаған.

Бала үйіне барып болған жағдайды анасына баяндап берген. Оқушының анасы бірден полиция шақырып, лифт ішіндегі таспаны алдырған. Қарағанды соты бұл істі "кішігірім бұзақылық" бабымен қарап, ер адамды үш тәулікке қамау жазасын шешкен. Көпшілік соттың шешіміне наразы.