Халық Ләйлә Сұлтанқызынан эфирден мүлде кетуін сұрады (видео)
Көрермен: Ойыңа келгенді көрсетіп, халықты улап болдың
Танымал тележүргізуші Ләлә Сұлтанқызы авторлық бағдарламасында жастардың биін билеймін деп сынның астында қалды. Ол соңғы кезде ғаламторда "вирусқа" айналған "жасыл адамның" биін билеп, тікелей эфирде оғаш қимылдар көрсеткен еді. Кей көрермен тележүргізушінің көңілді биін қоштаса, көпшілігі эфирде мәдениет қалмады деп түңілген.
"Ләйлә эфирге шықпашы халық сеннен шарады. Эфир жекеменшігің емес. Өзіңнің қандай адамға айналып баражатқаныңды бір ойланып көрші",- деп жазды Айко есімімен тіркелген желі қолданушысы. "Экранда мәдениет деген қалмады. Мына қылығыңыз өте ерсі",- деп жазды Салтанат есімді бойжеткен.