Басты жаңалықтар
Аң аулауға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалімнің денесі табылды
- автор kyn.kz
- 7 наурыз, 2023
- 375
Түркістан облысында аң аулауға шығып із-түзсіз жоғалған мұғалімнің денесі табылды. Нұрлан Аймаханбетовтің мәйіті он бір күннен кейін су ішінен шықты , деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бәйдібек ауданы Жыланды ауылындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен мектеп директоры 24 ақпанда аңға шығып, бір-бірінен көз жазып қалған. Соңғы рет терең суда тұрмын деп хабарласқан 38 жастағы азаматты іздеуге 70 құтқарушы мен жүзден астам ауылдастары жұмылдырылған. Тіпті дрон ұшырып, тікұшақ көмегімен әуеден іздегенімен, табылмаған. Үш баланың әкесі суға батып кеткен екен. Арыстанды көлін сүзіп шыққан құтқарушылар оны иығына ілінген мылтығымен бірге тауып алды.
"Үздіксіз және жанжақты іздеу жұмысының нәтижесінде жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6-наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды. Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы, адамның қайтыс болуы бойынша тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр",- деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдірахманқызы