Басты жаңалықтар

Анар Батырхан:Күйеуімнің айлық табысы кемінде 6 млн теңге болуы керек

Анар Батырхан: Әйелінен табысы аз азаматты еркек деп атай алмаймын

Танымал блогер, актриса Анар Батырхан "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті мазалаған жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі. Талаптарының ең маңыздысы әнші болашақ жарының өзінен көп табыс тапқанын қалайды екен. Ол отбасы мен екі жастың махаббатының сақталуына тікелей қатысты екен. «Тағы бір талабым — менің болашақ жарымның табысы менен бірнеше есе көп болуы тиіс. Әйелінен аз табатын күйеуді еркек деп айта алмаймын. Қазір мен айына 5-6 миллион теңге табамын, демек күйеуімнің табысы осыдан кем болмауы керек», - деді Анар Батырхан Сонымен қатар актриса ауылдық жігітке тұрмысқа шықпайтынын ашып айтты. «Жасым 30-ға келді. Бірақ қанша жерден сүйіп қалайын, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын. Талабым сондай. Себебі ауылдың жағдайына шыдамаймын. Кішкентайымнан қалада өстім, сондықтан Алматының жігіті керек. Тіпті басқа қалаға да көшпеймін», — деді актриса.