Диана Қырықбай жігіттерге орамал таққан қыздарға алданбауға кеңес берді
Блогер: Қыздар тұрмысқа шығу үшін, түсінбесе де оранабереді
Тележүргізуші Диана Қырықбай қыздар тұрмысқа шығу үшін өздері білмейтін дүниені жасап, барын салып, қалайда қалталы азаматтың етегінен ұстауға тырысатынын ашық айтты, деп жазды KYN.KZ "Жас қыздардың әңгімесін естідім. Қазір тұрмысқа шығу үшін жабыну керек екен. Сен орамал тақсаң, "намаз оқитын жігіттер үш рет кездесіп, алып кетеді" деп бір-біріне ақыл кеңес айтып жатты. Сондықтан жігіттер қармаққа түсіп қалып жүрмеңдер! Қыздар тұрмысқа шығу үшін неше түрлі жоспар құрып жүр", - деді жүргізуші. Диана Қырықбаева Инстаграм желісінде қазақы тәрбиеге жат, көпшілік қабылдай алмайтын ащы шындықты көрсетіп жүрген блогерлердің бірі. Сондай батылдықтың арқасында болар ол бүгінде ең танымал бойдақ әрі табысты блогерлердің бірі. Көпшілік Дианаға батыл қадамдары үшін ата-анасы, бауырлары "тыйым салмайды ма екен?" деген пікір жазып жатады. Ол өзі мұның барлығы отбасында шешімін тауып қойғанын жеткізді. "Мен әкемнің ерке қызымын. Оңтүстікте менің жасымдағы қыздар отырып қалған болып есептеледі. Бірақ маған ондай қысым жоқ. Ағаларым парақшамды қарайды. "Тағы хайп жасап жүрсің ба?" деп күледі",-дейді блогер.