Басты жаңалықтар
Жазира Байырбекова: Әр адамның айтабермейтін қиындығы бар, "Менің жолымды берсін"деп айтпаңыздар
- автор kyn.kz
- 8 наурыз, 2023
- 506
Әнші: Мүмкін сіздің жолыңыз менікінен де ашық, меннен де бақытты болу жазылған шығар
Танымал әнші Жазыира Байырбекова көпшілікке ұнағанымен бір басына жетерлік мәселелер қазір де бар екенін, бұрында да болғанын үнемі айтып отырады. Әнші анасының ауыр дертке шалдыққанын да оқырмандарынан жасырмады. Тұңғышынан кейін тағы бала сүйю бақыты оған оңайға соққан жоқ. Содан болса керек өзінің инстаграмдағы өміріне қызығатындарға әр сөзде абай болуға кеңес берді.
Жазира Байырбекова көпшілікке ойланып, орнымен сөйлеу адам өмірінде ең маңызды әрекеттердің бірі екенін айтты, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі
“Біреуге “менің жолымды берсін” деп сенімді түрде айтпаңдаршы. Бала-шағасы өсіп-өнген, 90-ға келген бақытты ана айтса жарасады. Одан да “менің бақытты, сәтті жолымды берсін” десеңдер, дұрыс болар еді. Күнде 100% бақытты болып жүретін пенде жоқ. Әр түрлі жолдар бар.
Біреудің жолын таңдамаңыз. Мүмкін сізге бұйыртқан Алланың жолы басқанікінен де бақыттырақ шығар...” , – деп жазды Байырбекова.